Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан

Новости и события

02 сентября 2010
Аким Алматы просит вдвое повысить зарплату учителям школ города
Новости Казахстан
01 сентября 2010
Мажилисмен Сыздыкова предлагает объявить 1 сентября выходным днем
Интерфакс Казахстан
24 августа 2010
Ходишь в школу, ходишь – бац, и третья смена…
Известия Казахстан

Архив новостей

Фестивали, конкурсы


Апрель 2024
ПнВтСрЧт ПтСбВс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Перейти в раздел

Фотоотчет конкурса


Фотографии выставки работ

Фотографии выставки работ участников и Церемонии награждения, г.Астана




Дарындылықтың қайнар көзі- мектеп.


Дарындылық - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Баланың дарындылығын анықтаудың негізі мектептен басталады.

Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту пародигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, №2 Қабанбай орта мектебінде өз дәрежесінде жүргізіледі.
Оқушының дарындылығын анықтап,дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қойды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;

Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анасымен бірігіп құрады.
Мектеп психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама арқылы оқушының дарындылық сферасын анықтайды. Оқушының дарындылығы анықталған кезде, дарынды оқушының жетекшісі, психолог оның жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттейді,баланың сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап, талдау жүргізеді, әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім деңгейін анықтайды,психо-педагогикалық диагностика жүргізеді.
Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, оқушылардың білім жетістіктері мен психопедагогикалық диагностикалары салыстырылып, әр оқушыға күнделік жүргізіледі. Мектепте «Дарын» шығармашылық орталығы құрылды. Бұл орталықта 58 оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда 28 ұстаз жұмыс істейді. Орталықтың жетекшілері арнайы курстан өткен. Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне тестілеу жүргізіледі. Оқушылар дарындылық сферасына байланысты топтарға бөлінді. Әр сфера бойынша жұмыс жоспары құрылды, жұмыс жоспарының орындалуына, оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмыстарына бақылау түрлері белгіленді. Осындай игі істердің арқасында бірнеше оқушылардың дарындылық, шығармашылық қабілеттері ашылып, жоғары жетістіктерге жетті. Дарынды оқушымен жұмыстың нәтижесін жылда өткізілетін пән олимпиада жетістіктерінен көруге болады. Былтырғы оқу жылында 13 оқушы, осы оқу жылында 17 оқушы жүлделі орын алды. Мектептен 4 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып отыр, спорт бағытында Қанабеков Дарын, Мұрат Елжас, Қанағатов Архат, Раисов Дарын Республика көлемінде жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанды, бейнелеу өнері бойынша Бағдат Азат «Саябақтар шеруі» атты халықаралық экологиялық қозғалысқа арналған сурет көрмесінде І орынды иеленді, ұстаздары тәрбиелеп жетелеген шәкірттеріміз Барқытбаева Мадина мен Сыдықбекова Шынардың, Қанапиянова Айжанның мақалалары баспасөз бетінде жарияланып жүр. Орыс тілі пәні бойынша дарынды оқушымыз Рахимова Сания аудандық, облыстық пән олимпиадасында жүлделі орынға ие болып, жеңімпаз атанса, Сайранбек Назерке оқушылардың облыстық «Туған жерім-Жетісу» атты ғылыми-экологиялық форумының шығарма номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Айта берсек, мектебімізде суырылып «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған дарынды оқушыларымыз жеткілікті.
Міне, осындай биік жетістіктерге қол жеткізген дарынды шәкірттеріміз өздерінің жоғары дәрежедегі ерекшеліктерін мықты тағылыммен ұштастыратын қоғам қайраткері болмасына кім кепіл?
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендетіп, оның тұтқасын, тізгінін ұстайтын, сол арқылы елімізді әлемге танытатын да біздің дарынды, қабілетті ұл-қыздарымыз болмақ.

Источник: Administrator, 16.11.2007

 САГИНТАЕВА ЛАЙЛА (тараз)26.05.2012, 21:50:12

Дарындылык туралы жазылган материалыныз оте жаксы ,рахмет
 Венера (ақтөбе)24.10.2012, 12:50:54

еңбегіңе коп жеміс тілеймін. Рахмет!


  Авторизация  Отправить письмо
Ресурсы


Rambler's Top100   Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электронный адрес: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Национальный конкурс "Друг детства"
Разработка и поддержка
сайта - компания "М-Дизайн"