Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан

Новости и события

02 сентября 2010
Аким Алматы просит вдвое повысить зарплату учителям школ города
Новости Казахстан
01 сентября 2010
Мажилисмен Сыздыкова предлагает объявить 1 сентября выходным днем
Интерфакс Казахстан
24 августа 2010
Ходишь в школу, ходишь – бац, и третья смена…
Известия Казахстан

Архив новостей

Фестивали, конкурсы


Апрель 2024
ПнВтСрЧт ПтСбВс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Перейти в раздел

Фотоотчет конкурса


Фотографии выставки работ

Фотографии выставки работ участников и Церемонии награждения, г.Астана




«Эрудит» балалар шығармашылық бірлестігі


Қазақстан Республикасының даму болашағы ауылды әлеуметтік-экономикалық өркендетумен байланысты. Ауылдың дамып өркендеуін ауыл мектебінсіз, оның бүгінгі және ертеңінсіз елестетіп болмайды.

Себебі, ауыл мектебі, егер де ол шын мағынасында заманға лайықты мектеп деңгейіне көтерілсе, ауылдағы көптеген әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешуге көмек береді.
Біз ақпарат ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Ақпарат заманында ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері қолданылатын өндіріс, сауда, қызмет көрсету саласы рөлінің арта түсуіне байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі туралы мэселе күн тэртібіне қойылып отыр.
Қоғамдық өндіріс салаларында да еліміздің өзіндік білім беру жүйесі бәсекелестік қатынастарға төтеп бере алған жағдайда ғана бэсекеге қабілетті болмақ.
Бүгінгі таңда кез-келген елдің бәсекеге қабілеттілігі білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігіне келіп тіреледі. Сондықтан барлық дамыған елдерде білім беруге жете назар аударылады. Осыдан келіп білім беру үрдісіндегі түрлі көзқарастар арасында бәсекелестік жүріп жатыр. XX ғасыр - өндіріс ғасыры еді. Өндіріс ғасырында білікті маман ретінде өмір сүру үшін мектепте алған және ЖОО-нда алған білім өмірінің соңына дейін жететін еді.
Қазіргі ақпарат ғасырында білікті маман болып өмір сүру үшін өмір бойы білім алуы қажет. Бүл дегеніміз мұғалім ЖОО-нда алған білімімен мектепте жақсы оқытушы болып жүмыс істей алмайды деген сөз.
Жаңа ақпарат ғасырының оқытушысы тез арада қайта бейімделе алуы, жаңа кәсіби машықтарды игеруі тиіс.
Ауыл мектептерінде қазір көптеген шешілмей жатқан мәселелер бар, соның бірі -балалар дарындылығын дамыту болып табылады. Біз өзіміздің бірнеше жылдық тәжірибемізден байқағанымыз - ауылдық мектеп оқушыларының қабілетін өркендету жалпы ескерусіз қалып отыр. Біз, көбінесе, дарынды бала дегенде талантты, қабілеті күшті оқушыларды түсінеміз. Бірақ әрбір өсіп келе жатқан дені сау, ақыл-есі бүтін бала дарынсыз болуы мүмкін емес. Егер әрбір дені сау балаға қабілетін қалыптастырып одан әрі дамытатын жағдай жасалса, ол өзінің мүмкіндіктерін жан-жақты жетілдіреді.
Мектепте барлық оқушыларға бір денгейде білім беріп, қалыпты сабақ өтіп, балалар шығармашылығына көз жұмып қоя салу оңай. Бағдарламадағы сабақтарды игеріп, одан әрі қарай оқуға талпынған оқушыларымыздың болашағы бізді қатты ойландыруда. Мектептегі бір қалыпты өтетін өмір оларға қызықты болмай, өмірде дарындылығы көрінбей қалады.
Мектепте оқу бағдарламасы барысында сабақтан тыс және сыныптан тыс ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шараларда балалар дарындылығын дамытудың психологиялык - педагогикалық шарттары, мазмұны, нақты формалары, әдіс-тәсілдері, кұралдары есепке алынады. Жай ғана ауыл мектебі жағдайында балалар дарындылығын өркендетудің проблемалары, оларды шешудің кейбір тиімді жолдары туралы сөз болады.
Оқушылармен жүргізілетін сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар балалардың түрлі саладағы қабілеттері мен дарындылығын дамыту үшін кең мүмкіншілік тудырады. Егер сабақ үстінде мұғалім қалыпты тәртіп бойынша сабақ өтуі қажет болса, мұғалім баланың қабілетін көрсету және одан әрі дамыту үшін сыныптан тыс тәрбие сағаттарын, түрлі іс - шараларды әдістің басқа үлгілерін таңдап, өткізуі керек болады.
Дарынды балалармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың кездейсоқ ұйымдастырылған тәрбие сағаттарына айналып кетпеуін қадағалауды іс- тәжірибеміз көрсетіп берді. Балалар дарындылығын дамыту барысында сабақтан тыс, сыныптан тыс мерекелер, іс - шаралар қалыпты жүйедегі сабақтардан ерекше болуы керек. Сол себепті, 2000 жылы 17 қаңтарда педагогикалық қауыммен "Эрудит" деп аталатын оқушылардың шығармашылық бірлестігін ұйымдастырдық (1-сурет). "Эрудит" сөзі латын тілінен аударғанда «оқымысты, дана» деген мағынаны білдіреді. Жалпы эрудит дегеніміз, бірнеше салада терең білім алуды, ізденуді, баланың қабілетін ашуды көздейтін іс-шаралар жиынтығын білдіреді.
"Эрудит" оқушылар шығармашылық бірлестігі - мектепте ауыл балалары дарындылығын дамыту бойынша сыныптан тыс жүргізілетін іс-шаралардың өзіне тән моделі.
"Эрудит" шығармашылық бірлестігі мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен мектептің ұжымы, оқушылар мен ата-аналардың талқылауынан өткізілген және қабылданған өз жарғысы бойынша жұмыс жүргізеді.
Оқушылардың шығармашылық "Эрудит" бірлестігі алты салада жұмыс жүргізеді:
• "кіші олимпиада";
• "клубтар";
• "ғылыми зерттеу орталығы";
• "спорт";
• "қол өнері";
• "дебат клубтары".
"Кіші олимпиада " саласының өзі екі бөлімнен тұрады:
а) табиғи-математикалық пәндер бөлімі: (математика, физика, химия, информатика, география, биологая);
б)гуманитарлық пәңдер бөлімі: (қазақ тілі, өзбек тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, азаматтану пәндері).
"Кіші олимпиада" клубына тәжірибелі мұғалімдер жетекшілік етеді.
Дарындылық дегенде тек қана арнайы қабілетті балалар ғана емес, олардың арасында әр түрлі қабілетке ие оқушылармен де жұмыс жүргізу көзделеді. Сол себепті, "Эрудит" қоғамының екінші бөлімі "Клубтар" төрт бағытты қамтиды: "Санам" қыздар би тобы; жас ақындар тобы; қолөнершілер; әншілер тобы.
Оқушыларымыздың оқу пәндерінен терең білім алуы үшін, жоғарыда атап өткендей, "Кіші олимпиада" тобын ұйымдастырдық. Ауыл балаларының ғылыми тұрғыдан толық білім алуы үшін мектепте "Ғылыми зерттеу орталығы" ашылды. Бұл орталықтың өзі 6 тарау бойынша жұмыс істейді, Яғни, экология, экономика. өлкетану, тарих, биология және химия салаларынан зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Әрбір қабілетті оқушының өзі шұғылданған зерттеу жұмысынан аз да болса ашқан жаңалыктарын есте сақтауын, әрі зерттеу техникасын меңгеруін қадағалап отырамыз. Мұнда мұғалімдеріміздің методологиялық мәдениетін қалыптастыруға аса мән береміз.
Алдағы уақытта «Ғылыми зерттеу орталығы» ісіне жоғарғы оқу орнының профессор-оқытушыларының назарын аударып, бірлесіп жұмыс жүргізуге шақыру біздің алдымызға қойылған мақсатымыз. Әзірше олардың, мәслихаты мен кеңестерін пайдаланып жүрміз.
Оқушылармен дене шынықтыру жұмыстарын жүргізу, олардың денсаулығын сақтаудың жол-жобасын көрсетіп тәрбиелеу, денсаулыққа қауіпті әдеттерден сақтау, отанды корғауға тәрбиелеу - мектеп ұжымының тәрбие істері бойынша жүргізетін іс жұмыстарының ең негізгісі болып есептеледі. Сонымен бірге тағы бір міндетіміз спортқа бейімді оқушыларымызға жағдай жасап беру. Әзірше алты бөлімнен тұратын жұмыс бала тәрбиесімен қатар басқа да тәрбие істерінің алға басуына пайда келтіруде. Әсіресе, тәрбиесі қиын, ақыл-ой еңбегіне аз қызығатын оқушыларымыз өз қабілетін спорт жағынан көрсетуде. Нәтижеде әртүрлі жарыс, сайыстарда жүлделі орындар алып, алғысқа ие болуда. Олардың мінез-құлқы жақсы өзгерді. Спорт саласында волейбол, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика, теннис, шахмат және шашка үйірмелері ұйымдастырылған. Осы аталған спорт түрлерінің барлығынан дерлік арнайы ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз бар.
Оқушылардың дарындылығын дамыту іс-шараларының тағы бір әкелер пайдасы - балалардың келешекте саналы түрде мамандық таңдауына үлкен әсерін тигізуі. «Эрудит» қоғамының міндеті де, негізінен осыны көздейді. Әсіресе, ауыл балаларының өзі тұрып жатқан жердің қол өнерін, аграрлық шаруашылыққа бейімділігін ескере отырып, соны дамытуға жағдай туғызу, әрі тігу, тоқу, теміршілік шеберлігін дамыту.
Мектебімізде ай сайын интеллектуалдық ойындар, пікірталас ұйымдастыру әдетке айналған. Бұл біздің оқушыларымыздың өз ойын толық жеткізуге және оны ғылыми тұрғыдан дәлелдеу дағдысын қалыптастыруға жағдай жасайды. Мектебімізде төрт орыс тілінде, екі өзбек тілінде және бір казақ тілінде пікірталасшылар тобы ұйымдастырылған. Мектептің пікірталас клубы мүшелерімен «Қазіргі уақытта ата-аналардың балаларға тәрбие берудегі рөлі», «Нашақорлыққа қарсы күресті күшейту керек», «Қазіргі заман оқушыларының оқуға деген көзқарасы», тағы басқа көптеген тақырыптарда 8-10 сынып оқушылары арасында интеллектуалдық ойындар өткізілді.
«Пікірталас клубы» жай ауыл оқушыларының дүние жүзінде, мемлекетімізде, жан-жақта болып жатқан жаңалықтарды басқаларға жеткізе білуінде, олар туралы өз пікірін білдіруінде, көзқарасын дамытуда үлкен пайдасын келтіруде. Ауыл балаларының «пікірталастарға» қызығып, дайындалуы бізді қуантырады. Оқушыларымыздың арасында «Пікірталас клубтары» жұмыстарының нәтижесінде олардың сөз өнері, сөйлеу мәдениеті көтерілді, әрі ұжымдап жұмыс жүргізу қасиеті арта түсті. «Пікірталас клубының» алдағы уақытта алдына қойған мақсаты - аудан мектептерімен сайысқа түсіп, одан облыс, республика көлеміндегі өткізілетін пікірталастарға қатысу. Бірақ ауыл оқушылары кітапханадан өздеріне керек болған әдебиетпен қамтамасыздандырылмаған. Сондықтан келешекте «Интернетке» шығуды және кітапханадағы косымша әдебиет қорын көбейтуді мұғалімдеріміздің технологиялық мәдениетін көтеруді жоғарлатуды көздеп отырмыз. Оқушылар дарындылығын дамытудың сыныптан тыс іс-шаралары тізімінің моделі болған «Эрудит» оқушылар шығармашылық бірлестігі мектеп әкімшілігі тарапынан балалар дарындылығын дамыту бойынша сыныптан тыс іске асырылып жатқан істерді бір жолға қоюды және дарындылықты дамыту бойынша жол-жоба жасап, оның шығармашылық тұрғыда болуын талап етеді.

Источник: Администратор, 17.11.2007


  Авторизация  Отправить письмо
Ресурсы


Rambler's Top100   Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электронный адрес: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Национальный конкурс "Друг детства"
Разработка и поддержка
сайта - компания "М-Дизайн"