Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан

Новости и события

02 сентября 2010
Аким Алматы просит вдвое повысить зарплату учителям школ города
Новости Казахстан
01 сентября 2010
Мажилисмен Сыздыкова предлагает объявить 1 сентября выходным днем
Интерфакс Казахстан
24 августа 2010
Ходишь в школу, ходишь – бац, и третья смена…
Известия Казахстан

Архив новостей

Фестивали, конкурсы


Апрель 2024
ПнВтСрЧт ПтСбВс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Перейти в раздел

Фотоотчет конкурса


Фотографии выставки работ

Фотографии выставки работ участников и Церемонии награждения, г.Астана




ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ


Шымкент қаласы әкімдігінің Экологиялық білім
беру орталығының 2006-2007 оқу жылында
атқарған жұмыстарына

М Ә Л І М Е Т

Елбасымыздың жолдауындағы «Жасыл ел» бағдарламасында таза ауаны, суды, топырақ құнарын, ылғалдылығын сақтау мәселелері көзделген.
Табиғат адам бойында қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын сұлулық пен әсімдік әлемі. Табиғат ресурстарының құрамдас бөліктерінің бірі - өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Таулы аумақтарға тән өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрі кездеседі. Осы алуан түрлерін сақтап қалу, яғни біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылық пен сақтау, қамқор болу басты міндеттердің бірі.
«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шара жоспары бойынша бірқатар іс-шаралар, акциялар мен байқаулар өткізілді.
Барлық қала мектептерінде құрылған «Жас эколог» топтары қаламыздағы отырғызылған жас көшеттерді, гүлдерді, мектеп бағы мен мектептің айналасындағы көгалдандыру жұмыстары, гүлзарлар жасау, оларды күтіп-баптау жұмыстарын атқарды.
Осы орайда жасөспірімдерді табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, табиғатты қорғау шараларын ұлттық және халықаралық деңгейде ашу және қала мектептерінде экологиялық клубтар ашу мақсатында Экологиялық білім беру орталығының ұйымдастыруымен қала мектептері арасында 2007 жылдың 20 наурыз күні *Қоршаған ортаны қорғау – баршаның міндеті* атты қалалық семинар өткізілді. Семинарға Енбекші, Әл-Фараби, Абай аудандық әкімшілігінің қызметкерлері, Қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері, ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері және қала мектептері түгел қатысты.
2007 жылы 15 ақпанда Экологиялық орталық пен №40 мектеп гимназиясы Демократияны қолдау ақпарат орталығымен бірлесіп «Экологические дружины» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды. Бірнеше қала мектептерінің экопатруль топтары, үй басқармалары (домкомдар), БАҚ, табиғатты қорғау басқармаларының мамандарымен пікір – талас, тәжірибе алмасу түрінде өткізілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, туған өлкеміздің сұлулығы мен тазалығын сақтау мақсатында 2006 жылдың каңтар айында Экологиялық орталық қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен қала мектептерінде экоклубтар ұйымдастырып ашты.
«Жасыл ел» бағдарламасының орындалу барысында Экологиялық орталық қала мектептеріндегі экоклубшылармен «Саябақтар шеруі» атты екі айлық акцияны ұйымдастырып өткізді. Акцияның шеңберінде көптеген жұмыстар жүргізілді:
- Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік басқармасы, ОҚОТР және ТПРБ, ҚБББ-мен бірлесе Шымкент орманшылығы ипподром бөлімшесінің оң қанаты мен сол қанатына 3000-ға жуық түп қарағаш көшеттерін отырғызды. Акцияға қаланың 43 мектебінен 380-нен аса экоклуб мүшелері қатысты;
- Көктем және жаз мезгілінде Шымкент орманшылығы ипподром бөлімшесі айналасына отырғызылған 3000 түп қарағаш көшеттерін экоклуб мүшелері суғарып, 100 пайыз көшет өнді;
- Аймауытов көшесіндегі №2 Бөкейханов атындағы орта мектептің аймағындағы балалар алаңшасын көркейтіп-көгалдандыру жұмысы жүргізілді. Алаңшаға 30 түп емен көшетін, 4 түп бузина, 10 түп сирен, 6 түп уксус ағашы, барлығы 50 түп ағаш көшеттері отырғызылды;
- Қала мектептері экоклуб мүшелерімен, экосақшылармен және Энбекші ауданының қызметкерлерімен бірлесіп мектеп, үй аулары айналасын күл-қоқыстан тазалау және көгалдандыру жұмыстарын атқаруда;
- 14 сәуір күні Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік басқармасы мен қала мектептерімен бірлесіп Шымкент-Ташкент трассасы бойында күл-қоқыстан тазалау сенбілігі өткізілді. Сенбілікке 17 мектеп, 200-ге жуық экоклуб мүшелері қатысып, 8 км жолдың бойы тазаланып, 2 КАМаз күл-қоқыс шығарылды;
- Жыл сайын мамыр айында қала мектептерінің экоклуб мүшелерімен қарағаштың ұрығын жинау акциясы өткізіледі. Биылғы жылы акцияға 23 мектептің қатысуымен 42 қапшық ұрық жиналып, тұқымбаққа тапсырылды.
- 1 сәуір күні Бүкіләлемдік құстар күні мерекесіне орай «Құстар бізге не жөнінде айтады» атты ОАҚОҚБ мамандарымен және қала мектептерімен қалалық акция өткізілді. Акция аясында «Оңтүстік Қазақстанның құстар әлемі» тақырыбында баяндама және тренингтер, сұрақ-жауаптар, қызықты рөлдік ойындар өткізіліп, 42 дана құстар ұялары ілінді;
- Қаламызды жасыл желекке айналдырып, көгалдандыру мақсатында Облыстық Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау басқармасымен бірлесіп, экоклуб мүшелерінің көмегімен ескі Шымкент қалашығында «Әлемдегі ең жасыл қала» атты акция өткізілді. Акция барысында 1000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды;
- 11-1 сынып оқушыларына арналған «Менің ағашым өзіммен бірге өседі» айдарымен акция өткізу жылдан жылға дәстүрге айналған. Биылғы жылы 11 сыныптың оқушылары 6000 түп ағашты отырғызып 1 сынып оқушыларына күтіп-баптауға тапсырды.
- Қаланың 78 мектептерінде «Көгалдандыру» бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Жыл бойы 1090 диктант жұмыстары алынды, 1032 әңгіме жүргізілді, аулаларды жасыл баққа айналдыруда 4703 жас көшеттер отырғызылды.
- Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп «Таза ауа» акциясын ұйымдастырды, акция шеңберінде гүл шоқтары мен ағаштар отырғызылды.
- Қаланың №№ 2, 30, 38, 40, 41, 72, 4, 58, 76, 10, 62, 43, 25, 79, 9, 59,77,1,27,31,3,29,23,32,48,13,34,8 орта мектептерінде «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жақсы жолға қойылған.
- Сондай-ақ, №№ 39,40,45,50,65 мектептердің сыныптарында тірі бұрыштар, табиғат бұрыштары мен гүлзарлар жасалынған.
- Қала аулаларын, көшелерін және т.б. көгалдандырудан басқа Экологиялық орталықтың айналасында да көгалдандыру жұмыстары жақсы деңгейде жүргізілуде. Күз мезгілінде орталық ауласына 200-ге жуық ағаш көшеттері, ал көктемде 120-ға жуық эндемикалық және экзотикалық ағаштардың көшеттері, түрлі гүлзарлар егілді. Шыршалы ағаштардың түрлері 2 елникте (шырша) егілу қолға алынған. Қазіргі уақытта питомникті дайындау жұмыстары жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты мектеп аулаларын көгалдандыру үшін қала мектептерін ағаш көшеттері және гүл ұрықтарымен қамтамасыз ету.
- Экологиялық білім беру орталығының ұйымдастыруымен *Жасыл ел* бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2006-2007 оқу жылында 3320 түп ағаш көшеттері егілді.
- Қошқар ата өзенінің бойы күл-қоқыстан тазартылып, 1000 түп жас көшеттер отырғызылды.
- Жалпы қалалық білім беру бөліміне қарасты мекемелерде – 40000 раушан гүл көшеттері, 25000 экзотикалық көшеттер, 55000 жеміс көшеттері, түрлі гүлдердің ұрықтары себіліп, егілді.
- Экологиялық орталықтың ұсынысы бойынша Шымкент қаласы әкімшілігінің №17. 06.259. 18.03.2005 жылғы хатына сәйкес Толстой көшесінде орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескі мазараты жас экологтардың күтім жасауына берілді. 3 жылдан бері Ұлы Отан соғысының жеңісіне 62 жыл толуына және Бүкіләлемдік тарихи ескерткіштерді сақтау күніне орай мазарат айналасын күл-қоқыстан тазалау, көгалдандыру, қоршауларды сырлау акциясы мен сенбіліктер өткізіліп, *Биосфераны қорғаушылар* үгіт-насихат тобы ардагерлерге арнап мерекелік бағдарлама көрсетті. Акцияға 10 мектептен 100-ге жуық экоклуб мүшелері қатысты, 2 көлік прицеп күл-қоқыс шығарылды;
- №8 гимназияның базасында «Жасыл Республика» жас эколог балалардың ұйымы қоғамдық бірлестігі құрылған. Олар «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру барысында мектеп алды көгалдандыру жұмыстарын, экологиялық тақырыпта материалдар жинақтау, түрлі конкурстар, слеттар, оранжерея жұмыстарын атқарып, өз үлестерін қосуда.
- 5 маусым 2007 жылы Шымкент дендросаябағында экологиялық орталықтың ұйымдастыруымен, ОҚО ТР және ТПРБ қаржыландыруымен сенбілік акция өткізілді. Сенбіліктен соң (2 машина күл-қоқыс) шығарылды. Акция аясында жыл бойы табиғат қорғау барысында белсенді жұмыс жасаған мекеме қызметкерлері мен ұйымдары, университет, колледждер, мектептер мен оқушылар Мақтау қағаздары, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сенбілікке қатысушыларды «Биосфераны қорғаушылар» үгіт-насихат тобы театрландырылған қойылымдармен қарсы алды.
Акцияға ОҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ОҚО Аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, ОҚО Қаржы департаменті, Қалалық ардагерлер кеңесі, Обл.салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «Жасыл ел» Облыстық штабы, Южный Қазақстан газеті, Оңтүстік Қазақстан газеті, Отырар ТК, Қазақстан- Шымкент ТК, қаладағы 21 мектептің экоклуб мүшелері қатысты. Жалпы саны 300-ден аса қатысушы болды.
Жыл сайын орталық жастар арасында экологиялық білімді насихаттау, педагогтарды табиғатты қорғау бойынша практикалық іс-әрекеттер дағдыларына үйрету, қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жалпы мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2006 жылдың қазан айының 27 жұлдызында №21 орта мектебі базасында қалалық *Табиғат әлемі балалар көзімен* атты байқау-конкурсы өткізілді. Байқауға 23 мектептен 6 номинация бойынша 164 жұмыс қатысты. Байқау жеңімпаздары Облыстық экологиялық оқушылар фестивалінің қатысушылары болып табылды.
Облыстық «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты байқау-конкурсы 1986 жылдан бері өткізіліп келеді.
Фестивальдің жабылу салтанатты рәсіміне 23 мекеме мен мектептерден қонақтар шақырылып, байқау жеңімпаздары мен фестиваль қатысушыларына ОҚО Білім департаментінің дипломдарымен және ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бастығы Ә.Өмірәлиев) дипломдарымен, алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Экологиялық ой-санасы қалыптасқан жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыда дамыту, оқушы назарын туған өлкенің экологиялық проблемасына аудару, табиғатқа байланысты белсенді адамгершілік позициясын, ортақ үйіміз – Жер шарының тағдыры үшін жауапкершілігін қалыптастыру, қоршаған орта проблемасына деген өз көзқарасы бар белсенді және талантты балаларды анықтап және қолдау көрсету мақсатында жас экологтардың республикалық форумының ережесімен қалалық білім беру бөлімінің 12 наурыз 2007 жылғы №313 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің экологиялық білім беру орталығында 17 сәуір 2007 жыл «Жас экологтардың қалалық форумы» өткізілді. Форумға жалпы 17 мектеп қатысты. Жас экологтардың форумы мынадай наминациялар бойынша өтті:
1. Жас орманшылар, экосақшылар, жас табиғат зерттеушілер конкурсы;
2. «Қалдықтарды пайдаға асыру» шығармашылық жұмыстар сайысы;
3. «Туған өлкем, мен сені сүйемін!» тақырыбында салынған суреттер сайысы;
4. «Жер бетіндегі сұлулықты сақтайық» тақырыбындағы фотосуреттер сайысы;
5. «Жасай бер, Жер-Ана !» тақырыбындағы өлеңдер мен әңгімелер сайысы;
Қалалық форумның жеңімпаздары жас экологтардың Республикалық форумының қатысушылары болып табылып, 4 маусым мен 10 маусым 2007 жыл аралығында өткізілген Республикалық форумға қатысып, облыстың мәртебесін көтеріп қайтты.
Республикалық форумға Экологиялық білім беру орталығының көпшілік ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Роза Құрманбайқызы Сытышеваның бастауымен 4 оқушы барып, қатысты. Олар:
1. Есдаулетова Айгерім - №38 орта мектептің 11 сынып оқушысы *Жасай бер, Жер-Ана!* өлеңдер мен әңгімелер номинациясына;
2. Тұрсынбек Айгерім - № 58 орта мектептің 9 сынып оқушысы, Жас экосақшылар номинациясына;
3. Есқали Гүлсана – ЭББО-ның экологы Жас орманшылар номинациясына;
4. Кудяшев Валентин – ЭББО-ның экологы Жас табиғат зерттеушілер номинациясына;
5. ЭББО-ғы - *Жер бізге және ұрпаққа* атты көрмені ұйымдастырып, қатысты.
- *Жасыл әлем* атты топпен барған оқушылар өздерінің сәлемдесуімен бірден алға шығып Эмблема қорғаудан Есқали Гүлсана (ЭББО) мен, Тұрсынбек Айгерім (№58 о/м), Кудяшев Валентин (ЭББО) *Қалдықтарды пайдаға асыру* шығармашылық жұмысы үшін Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағының Бүкіләлемдік *Саябақтар шеруі -2007* шеруіне белсенді қатысқаны үшін атты Грамотасына ие болды;
- Есдаулетова Айгерім - № 38 орта мектептің 10 сынып оқушысы *Жасай бер, Жер, Ана!* өлеңдер мен әәңгімелер сайысында республика бойынша I-орынды иеленіп, Диплом және Глобус пен флешка сыйлығына ие болды;
- Тұрсынбек Айгерім - №58 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жас экосақшылар номинациясында IY орынға ие болып, Диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды;
- Экологиялық білім беру орталығы - *Жер бізге және ұрпақтарға* атты көрме сайысында Диплом, жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін директорымыз Искакова Саулен Адырбекқызына Сертификат, жетекшілердің семинарына белсенді қатысқаны үшін Сытышева Роза Құрманбайқызы Диплом, Грамота, Сертификатқа ие болды.
- Сонымен қатар, сырттай өткізілген сурет, фотосурет подделка сайыстарында да облысымыз құр қайтқан жоқ. Олар:
- Мұхаметов Бекзот - №42 орта мектеп 7 сынып оқушысы II-орынға (сурет);
- Қандамұлы Бақдаулет - № 38 орта мектеп оқушысы III-орынға (фотосурет);
- Мамырхан Н. Ордабасы ауданы, Торский Данил -№38 орта мектеп оқушысы, Юнустаева Карина – ЭББО экологы Алғыс хаттарға ие болды.
Қалалық білім беру бөлімінің 16 қаңтар 2006 жылғы № 032 бұйрығы негізінде қала мектептерінде ашылған Экоклуб жұмысына толық әдістемелік нұсқаулар таратылды. Атап айтсақ: Экоклубтың ережесі, жылдық жұмыс жоспары, экологиялық бағытта жүргізілетін іс-шаралардың көшірмелері, экологиялқ мазмұнда түрлі әдістемелік нұсқаулар, іс-құжаттарды жүргізу бағыты, экология кабинеті немесе бұрыштарын безендіру және т.б. Мектептегі экоклуб жетекшілеріне аптасына 1 (бір) рет әдістемелік көмек ретінде штабтар өткізіліп тұрды.
- Экологиялық орталықта жаз мезгілінде студенттер мен қала мектептерінің 6-7 сынып оқушыларының арасында экологиялық тәжірибесі ұйымдастырылып, өткізілді.
- Қалалық білім беру бөліміне қарасты мектепке дейінгі мекемелерінде 2006ж. тамыз айында Тараз қаласының білім департаментінің бас маманы және балабақша тәрбиешілері әдіс алмасу мақсатында келіп кетті.
- Биылғы жылы «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру барысында қала мектептерінде құрылған жас орманшылар ұйымдарының жұмыстары мен тәлімбағында өсімдіктердің түрлері мен санын көбейту жұмысы қолға алынған.

2006 жылдың желтоқсан айында білім беру ұйымдарының арасында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша Алматы қаласында өткен Республикалық байқау-конкурсына Экологиялық білім беру орталығы қатысып обласымыздың мәртебесін көтеріп, I орынды иеленді. Сонымен қатар, «Ең үздік мектеп ауласы» номинациясы бойынша қаланың № 2 орта мектебі мен «Ең үздік экопатруль» номинациясы бойынша № 40 мектеп-гимназиясы Алғыс хаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Семей қаласында 2007ж. 19-22 сәуір аралығында өткізілген «I Республикалық экологиялық оқушылар олимпиадасында» Экологиялық орталықтың «Экология және медицина» үйірмесінің экологы Ли Людмила қатысып Алғыс хатқа ие болды.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №91 26.02.2007ж. хатына сәйкес Облыс көлемінде «Тұрақты дамытуға арналған экологиялық білім беру жөніндегі бизнес жобалар» атты конкурсы жеңімпаздарының жобалары сәуір айында Астана қаласында өткізілетін Республикалық конкурсқа жіберілді. Олар:
1. Жақсымұратова Мақпал – Сайрам ауданы, №20 ксмг
2. Мұсабекова Меруерт – Сайрам ауданы , №20 ксмг
3. Иванов Г.Ф. – ЭББО-ның үйірме жетекшісі
4. Нұрымбетов Нұрсултан – Бәйдібек ауданы, М.Әуезов ат. о/м
Экологиялық білім беру орталығы «2007-еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жылы» аясындағы өткізілген Қалалық байқау конкурсында ІІІ-орынға ие болды.


Қысқартылған сөздер:
ОҚОТРжәнеТПРБ - ОҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
ЭББО-ның директоры: М.Ахметов

Источник: Администратор, 29.11.2007


  Авторизация  Отправить письмо
Ресурсы


Rambler's Top100   Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электронный адрес: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Национальный конкурс "Друг детства"
Разработка и поддержка
сайта - компания "М-Дизайн"