Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан

Новости и события

02 сентября 2010
Аким Алматы просит вдвое повысить зарплату учителям школ города
Новости Казахстан
01 сентября 2010
Мажилисмен Сыздыкова предлагает объявить 1 сентября выходным днем
Интерфакс Казахстан
24 августа 2010
Ходишь в школу, ходишь – бац, и третья смена…
Известия Казахстан

Архив новостей

Фестивали, конкурсы


Октябрь 2024
ПнВтСрЧт ПтСбВс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Перейти в раздел

Фотоотчет конкурса


Фотографии выставки работ

Фотографии выставки работ участников и Церемонии награждения, г.Астана




Ясли-сад № 29


Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі концепциясының жағдайлары қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған дәуірдің талаптарымен үндес келеді деп айтуымызға болады.

Бұл жағдайлар бөбектердің ана тіліне қаршадайынан қанығып, оны уыздай меңгерулеріне, бар байлығын бойларына ана сүтімен сіңіріп, дамыта түсулеріне, сөйтіп рухани дүниесінің кеңи түсуіне жол ашады. Ал осы айтылғандарды олардың сүбесіне құйып, бойына дамытуда өнердің алатын орыны ерекше. Өнер – мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын орнықтырудың басты құралдарының бірі ретінде эстетикалық тәрбие қайнарларының негізгілерінің негізі болып саналады, келешекте көркемдік талғамдарының биік сатыға көтеріліп, саналы да мәдениетті болып өсулеріне игілікті әсер етеді.
Адам бойындағы ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Ұрпағым өнегелі, жақсы азамат болып өсіп жетілсін десең, ең алдымен бесігіңді түзе, - деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов сөзі тегін емес. Тәрбиенің әліппесі баланың белі бесіктен шықпай жатып ана сүтімен сіңіріліп, ұлттық өнегенің ең асыл, ең нәрлі қасиеттері сол сәби шақтарынан-ақ үлгі етіп тартыла басталуы керек. Жасыратыны жоқ, көптеген балдырғандар бұл күндері ондай ұлағаттардан мақұрым қалуда. Соның салдарынан балабақшаларына не қазақша, не орысша тәрбие алмаған дүбара балалардың келетіндігін айтпай кетуге болмайды. Сол олқылықтардың орнын толтыру балабақшалардың үлесіне тиіп отыр. Бұл болдырмас шындық.
Осы көріністер біздің балабақшамызда да жыл сайын бой көрсетіп келеді. Әлгінде айтқанымыздай тәрбиенің түрі, оны бала зердесіне құюдың әдістері, мақсатты міндетті жүзеге асырудың жолдары сан алуан. Соның ең бір ұтымды да әсерлі, ықпалды саласы музыкалық тәрбие. Егер өткенімізге көз жүгіртсек, ата- баба тарихына, ауыз әдебиетіне жүгінер болсақ, бала шыр етіп көрінгеннен-ақ, ана әлдиінде, ананың мейір-мерейінің қайнарынан қайнап шыққан «Айналайын ақ бөпем...» деп емірене ескен сазды әуенімен ауызданарына күмән бар ма? Қарап, бағалап көріңіз:
«Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін...
Әлди, әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен тірегім,
Жаным – менің жүрегім.»

Міне, бесікте жатқан сәбиді асыл ананың әнмен, жырмен әлдилей тербеткен дүниедегі ең тәтті, ең жақын, ең құдыретті үн- әуезі бала қанына осылай тарап, сіңіріледі, жан- жүрегін баурайды. Амал қанша, өкінішке орай, қазіргі балалар мұндай уыз қамқорлықтан ада қалған. Сондықтан ес біліп, тіл сындырып келді деген бөбектердің өзі ана тілін шала- шарпы ұғып, тіпті кейбіреулері мүлдем білмей келетін болса балабақшада, оның тәрбиешілеріне жүктелер міндеттің жеңіл болмайтындығы түсінікті жәйт.
Сонымен, біздің балабақшада да бөбек зердесіне құйылатын өнердің тұсау кесері ретінде сазды- сахналық өнерді, яғни музыкалы- сахналық өнерді басты мұрат етіп өрістетіп отырмыз. Бұл жұмысты міне, бірнеше жыл бойы үзбей жүргізіп келеміз. Енді мұны қалай жүзеге асырамыз, соған тоқтала кетейік.
Бұл өзі екі бағытта жүргізіледі:
1. Сазды- сахналық (музыкалық) қойылымдар.
2. Қуыршақ театры.
Музыкалық, яғни, сазды- сахналық өнерге екінші кішкентайлар тобынан даярлық тобына дейінгі балдырғандарды қамтыдық. Мұның барлығы балалардың шығармашылық қабілет- дарынын дамытып, оны қоршаған ортаның ерекшеліктеріне орай бейімдеп, сонымен тығыз байланыстыра отырып ұғындырып, олардың өмірді түсінуіне жағдай жасап, қиял- армандарын жетілдіруге тырыстық. Осы жұмыстарды педагогикалық талаптарға сай ешбір күштеп, зорлаусыз- ақ, өздерінің әдеттегі ойындарын қызықты да әсерлі етіп ұйымдастырған шақта балалар одан сайын ынталанып, оның жемісі де айтарлықтай болады. Жалпы театрландырылған ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығарманың сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал ролдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған ролдерді толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аудардық. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс-әрекет, қимылдарын көрсетіп, жетілдіруіне көмектестік, кейіпкерлердің сөздерін, көңіл- күй, сезімін, мінез- қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындырып отырдық. Сөйтіп ойын барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткіздік. Оған тәрбиешілер жан- тәндерімен кірісіп, көп еңбек сіңірді.
Тәрбиешілер балалардың өздеріне тән жеке қасиеттерін анықтай түсу мақсатымен жылдың басында және аяғында театрландырылған жұмыстар арқылы «Құпия» сынақ (эксперименталдық) ойындар өткізіп отырады. Бұл ойындардың өн бойында музыканың тигізер әсері мол. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстады, ал ұялшақ, ұяң балаларға жәй ролдер берілді. Бұдан кейін өздерін тиісті ролдерде ойнай алатын қабілетті балаларды театрландырылған жұмысқа кіргізіп отырдық. Осындай 5-6 баламен жекелей жұмыс жүргізілді. Оларға қуыршақты қалай ұстау керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйреттік.
Театрландырылған ойындардың мазмұнына ерекше мән бердік. Бұл – негізінен адамгершілік, достық, кішіпейілдік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық қасиеттерді уағыздаудан тұрады. Әдетте балалардың өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым ролдер, ал мінездері салмақты байыпты балаларға жағымсыз ролдер тапсырылды. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындырақ ұғынып, жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйренуге, өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы кейіпкерлерге еліктеуге үйреттік.
Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Осыны ескере отырып, бізде әрбір топта театрбұрыштары жасалды. Бибабо, саусақтар, үстелдік және саусақты- қолғап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.
Екінші кішкентайлар тобының балалары сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана бейнелеуге, өлеңдердің мағынасын қимылмен көрсетуге үйретіледі. Алғашында балалар жануарларға еліктеп, олардың сыртқы кейпін салып келтірді, бірақ жануарлардың мінез-құлқын ашуға қиынсынды. Мысалы: «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» деп аталатын ойындарда балаларға кішкентай көңілді құстардың қанаттарын қалай қағатынын, олардың балпаңдап жүретінін көрсеттік. Сабақтар мен күнделікті өмірде балалар тұрмысынан көріністер ойналды. Мысалы: қуыршақ пен қонжық балалардың орнына бала болды. Балаларға өз еріктерімен қуыршақ алып, осы ойыншық туралы кішкентай сюжет ойлап құрастыру және соны ойлап беру жаттығулары жүргізілді. Қозғалыс әдеттерін жетілдіру жұмысында мына әдістерді қолдандық:
1. Қимылды көрсету.
2. Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.
Сөздік суреттеме бере отырып, біз балаларды ролдерін толық орындауға үйреттік, өздерінің ролдерін қызықты ойнаған балаларды көтермелеп, мадақтап отырдық.
Естиярлар мен ересектер тобының балалары сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артты. Қандай да сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргіздік.
1. Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез- құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылды.
2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады. Мысалы: орыс ертегілерінде түлкі басына орамал тартады, қазақ ертегілерінде түлкіге жейде кигізіледі.
3. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырамыз.
4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалаймыз.
Мысалы: «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай»туралы ертегіні оқып бергенннен кейін тәрбиеші балаларға мынадай сұрақтар қойды:
1. Алдар көсенің мінез- құлқы қандай?
2. Алдардың жүрісін кім көрсете алады?
3. Байдың мінезі қандай?
4. Оның жүріс- тұрысын кім көрсете алады?
5. Кім бай мен Алдар көсе болып ойнай алады?
Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кіріктіріп отырдық. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен жоғарыда айтылып кеткен арнаулы жаттығулар жүргізілді. Одан басқа «Сәлеметсіз бе?» және т.б. дағдылы сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып үйренуге жаттықтырдық.
Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылды.
Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Ата- аналармен жұмыстар жүргізілді. Балалардың өз үйлерінде ата-аналармен, туыс- туғандарымен арасында болатын қарым-қатынастары туралы ата-аналармен әңгіме, кеңестер өткізіп, арнайы анкета бойынша жұмыс жүргіздік. Бұл арқылы балалардың өзімізге белгісіз, бейтаныс қасиеттерінен хабардар болдық.
Ата-аналар да театрды ұйымдастыруға көмектесті, материалдар, қолғаптар, керекті құралдар әкелді.
Балабақшада алған алғашқы осындай мәліметтер олардың ішінде кейбір дарындылардың өнер жолына түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.
Педагогикалық ұжымның талмай ізденуі, аянбай еткен еңбегінің бір өтеуі болғандай балалармен өткізген шығармашылық жұмыстары қазір көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлки жылдар жылжып өткеннен кейін, үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар, елеміздің өнерлі азаматтарының бірі болады деп сенеміз, өйткені балабақшада шығармашылық негізі салынған.


Мы идем в театр

1. За сколько минут до начала спектакля нужно приходить в театр?
(Минут за 30, чтобы успеть без спешки раздеться, пройти в зрительный зал, занять места соответственно купленным билетам)

2. Как быть с мороженным, если ты не успел его съесть, а звонок уже позвал тебя в зрительный зал?
(Если мороженое в вазочке, то его нужно оставить на столе. Если в обертке, выбросить в урну и немедленно отправится в зал)

3. Как вести себя во время спектакля?
(Внимательно следить за событиями на сцене не разговаривать с соседями, не шуметь, в общем, получать удовольствия от увиденного и не мешать ни зрителям, ни актерам)

4. Когда можно идти в гардероб, чтобы одеться?
(После завершения спектакля, после того, как актеры покинут сцену)




Рекомендации посещения театра родителям

Правило №1
Помните, что никакие коллективные посещения театра не заменят вашему ребенку спектакль, просмотренный вместе с вами. Ему необходимо, чтобы вы участвовали в его переживаниях, разделили их с ним.

Правило №2
Никогда не ходите с маленьким ребенком на спектакль, о котором вы не имеете никакой информации. Детские представления могут оказаться плохими. Если ребенок – подросток уже способен оценить игру актеров, постановку, режиссерские находки и для него посещение даже неудачного спектакля может оказаться пищей для ума, то дошкольник или ученик первого- второго классов к этому не способен. Он не аналитик. Он погружается в происходящее на сцене как участник. Запечатление форм у него происходит бессознательно. А ваша задача, кроме всего прочего, формировать эстетический вкус.

Правило №3
Не ведите в театр переутомленного или плохо чувствующего себя ребенка. Эффект будет нулевой, если не отрицательный.

Правило №4
Покупайте только хорошие билеты на места откуда ребенку все будет видно и слышно. Если такой возможности нет, лучше отказаться на этот раз от похода. До галерки надо дорасти. Ребенок должен иметь возможность сосредоточиться на действия. Это и так серьезная работа. Он не может излишне напрягать органы чувств. Это ведет к быстрому утомлению и потере внимания.

Правило№5
Старайтесь выходить из дома заранее чтобы не нестись в театр, как на пожар. Иначе страх опоздать будет главной эмоцией, связанной с вашим «культурным мероприятием».

Правило №6
Было бы замечательным иметь в гардеробе ребенка специальное «театральное» платье или костюм. Когда я была девочкой и мы с папой ходили в театр, он всегда брал с собой сменную обувь. У меня были «театральные туфли». Я ведь должна была подниматься по мраморной лестнице, среди колонн – прямо как золушка.

Правило №7
Решите для себя раз и навсегда проблему еды в театре. Помните, что целью вашего похода, является совсем не театральный буфет. Поэтому не стоит, как только загорится свет, пулей вылетать из зала к буфетной стойке. Пользоваться театральным буфетом имеет смысл только если нет большой очереди и вам не придется выстаивать там до третьего звонка, а потом давясь бутербродами опаздывать на спектакль. Лучше взять эти же бутерброды из дома, и без спешки съесть их за буфетным столиком, но не в коем случае не в зрительном зале. Вы же хотите, чтоб ваш ребенок был культурным зрителем? А умение определять, что в каком месте делать, а что нельзя, ¬- элемент культуры.

Правило №8
Точно также ребенку следует объяснить, что в театре нельзя бегать. По очень простой причине: можно «растрясти» волшебство сказки, и ни капельки, ни чуточки в тебе не останется! А ведь со сказками ребенок получает жизненные силы!

Источник: Администратор, 04.12.2007


  Авторизация  Отправить письмо
Ресурсы


Rambler's Top100   Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электронный адрес: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Национальный конкурс "Друг детства"
Разработка и поддержка
сайта - компания "М-Дизайн"