Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан


Конкурс туралы ереже

"Балалық шақ досы - Друг детства" Бірінші Ұлттық конкурсы туралы Ереже

I. Конкурстың мақсаты

  • қоғамның назарын балалардың мәселелеріне аудару;
  • балалар мен жастардың тәрбиесіне байланысты үздік озық тәжірибелерді айқындау, жинақтау және насихаттау;
  • балаларға ерекше қамқорлық қажеттігі жайында қоғамдық сананы нығайту;
  • балалардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғау;
  • дарынды да қабілетті балалар мен балалардың шығармашылық ұжымына жағдай жасау және балалар шығармашылығын дамыту;
  • балалармен және балалар үшін жұмыс істейтін мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және бизнес-құрылымдардың күшін нығайту;
  • балаларға арналған тауар өндіретін және қызмет көрсететін отандық өндірушілерді қолдау және көмек көрсету;
  • қазақстандық отансүйгіштік сезімді және жас ұрпақтың алдындағы жауапкершілікті нығайту;
  • балалар мен жастарды тәрбиелеу ісінде қазақ халқының танымдық, мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту.

II. Конкурс құрылымы

"Балалық шақ досы - Друг детства" Бірінші Ұлттық конкурсы мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
  • балалардың ең таңдаулы аула клубы;
  • ең таңдаулы мектепке дейінгі мекеме;
  • ең таңдаулы орта білім беретін мекеме (мектеп, колледж);
  • үздік балалар басылымы (газеттер, журналдар);
  • балаларға арналған үздік теледидар бағдарламасы;
  • таңдаулы балалар кітабы;
  • таңдаулы балалар ойыны немесе ойыншығы;
  • балалардың Интернеттегі таңдаулы web-сайты немесе порталы;
  • таңдаулы балалар ауруханасы немесе емханасы.
  • балаларға қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын (дүкен, кафе, ателье, фотоателье, шаштараз т.б);
  • балаларға қажетті зат өндіретін ең үздік шағын және орта бизнес кәсіпорындары;
  • балалармен жұмыс істейтін таңдаулы үкіметтік емес ұйым;
  • таңдаулы мектептен тыс мекеме (оқушылар сарайлары мен үйлері, сауықтыру лагерлері, демалыс базалары);
  • балалардың таңдаулы шығармашылық ұжымы;
Сонымен бірге, конкурста мынадай номинациялар бойынша арнайы сыйлықтар қарастырылған:
  • үздік мұғалім;
  • үздік балалар дәрігері;
  • үздік меценат;
  • үздік балалар журналисі, жазушысы, композиторы;
  • үздік балалықты қорғаушы саясаткер-отансүйгіш немесе мемлекеттік қызметкер.
Конкурстың жұмыс тілі - мемлекеттік және орыс тілдері.

III. Конкурстың өткізілу реті

"Балалық шақ досы - Друг детства" Бірінші Ұлттық конкурсы 2007 жылдың 28 қыркүйегі мен 15 желтоқсаны аралығында өткізіледі.

Конкурс кезеңдері

  • Конкурсқа өтініштер 2007 жылдың 28 қыркүйек - 15 қараша аралығында қабылданады.
  • 2007 жылдың 15 қазаны - Астана қаласындағы алғашқы баспасөз конференциясы.
  • 2007 жылғы 16-30 қараша - қазылар алқасы жұмысы, түскен жұмыстарды қарау, өтініштерге пікір жазу, жеңімпазды анықтау.
  • 2007 жылғы 13 желтоқсан - Астана қаласында "Балалық шақ досы" Бірінші ұлттық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты.
Конкурсқа қатысты барлық ақпараттар http://www.drugdetstva.kz сайтына орналастырылады. Конкурсқа балалармен жұмыс істейтін және қызметі балаларға арналған барлық мемлекеттік, коммерциялық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың ұсынуы мен кепілдемесі арқылы, сондай-ақ өз өтініштері арқылы жеке тұлғалар қатыса алады.

Талапкерлердің өтініштері еркін түрде жазылады: мәтіннің шрифт түрі Times New Roman, 14 pt, жол арасы бір бірлік. Сонымен бірге, басылымдардағы мақалалар көшірмесі, аудиокассеттер, CD, miniDV, DVD, VHS форматындағы видеокассета, 15х20 см. өлшемінен кем емес фотосуреттері поштамен немесе электронды тасымалдағышта төмендегі мекен-жайда қабылданады:

010000, Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1 үй,
Телефон: 8 (7172) 324967, факс: 8 (7172) 324926
050000, Алматы қ., Фурманов көшесі, 137 үй, 3 кеңсе
Телефон: 8 (727) 272 55 56, факс: 8 (727) 272 55 66
e-mail: orgkomitet@drugdetstva.kz, http://www.drugdetstva.kz

Конкурсқа берілген барлық ақпараттар "Балалық шақ досы" Бірінші Ұлттық конкурсының көрмесіне қойылатындай постерлік стильде (А3-А4 форматта) және электронды тасымалдағышта дайындалуы тиіс. Конкурсқа өтінішті қабылдау 2007 жылдың 15-ші қарашасы күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де тоқтатылады.

Әрбір талапкер фотосуретін, жіберуші ұйымның логотиптерін TIFF, EPS, AI, CDR ((ver. 8, 9, 10 қисықпен) мүмкіншілігі 250-300 DPI кем емес) форматтарда "Балалық шақ досы - Друг детства" Бірінші Ұлттық конкурсы" кітабына орналастыру үшін жібереді. Марапаттау салтанатына қатысу туралы мәлімет әрбір қатысушыға жеке хабарланады. Конкурстың ақтық кезеңіне өткендер 2007 жылдың 13 желтоқсанында Астана қаласына шақырылады.

IV. Конкурстың қазылар алқасы

Конкурстың қазылар алқасы беделді қоғам қайраткерлерінен, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, өнер салаларының кәсіби шеберлерінен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен т.с.с. құралады.

Қазылар алқасы конкурсқа келіп түскен ізденушілердің шығармашылық өтініштері мен материалдардын мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:
  • өзектілігі;
  • жаңашылдығы;
  • ерекшелігі;
  • кәсібилігі;
  • заман талабына лайықтылығы;
  • сертифтикаттар мен дипломдарының болуы;
  • БАҚ құралдары мен қоғамдастықтың пікірлері;
  • ұсынылған материалдарды безендіру мәдениеті.
Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресемделеді және қайта қарауға жатпайды. Конкурстық материалдар 10 ұпайлық жүйемен сарапталады. Конкурс лауреаттары ұпай санының ең жоғарғы көрсеткіші бойынша анықталады.

V. Конкурсты қаржыландыру және марататтау

Конкурсты ұйымдастыру және өткізудің барлық шығындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қаржысы есебінен жүзеге асады. Лауреаттарды марапаттау салтанаты болатын орынға дейін және кейін қайтуға жұмсалатын жол ақысы (темір жол қатынасы), жатын орны, тамақ, мәдени бағдарлама шығындары конкурсты ұйымдастырушылар есебінен төленеді.

Марапаттау: лауреат атағы, құрмет дипломы мен естелік сыйлықтар, әрбір номинацияның жеке статуэттері. Ұйымдар, мекемелер, әртүрлі меншіктегі бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің арнайы сыйлықтарын тағайындауға құқылы.

VI. Ұсынылған материалдарды пайдалану реті

Конкурсты ұйымдастырушылар ұсынылған материалдарды өз қажеттіліктері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, кітаптарда, теледидар мен радиода, Дүниежүзілік Интернет желісіне орналастыра алады. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды және пікір берілмейді.


 жоғарыға оралу


  Авторизация  Отправить письмо
Бізді қолдағандар
НК Казинформ
Веб-студия М-Дизайн


  Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электрондық мекен-жай: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Ұлттық байқауы "Балалық шақ досы"
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы