Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан


15 қарашада«Балалык шак досы – Друг Детства» байқауына тапсырыс алу аяқталды


2007 жылы 15 қарашада Астана уақытымен 18:00-де, «Балалык шак досы – Друг Детства» бірінші Ұлттық байқауына тапсырыс пен материалдар алу аяқталды.

Тапсырысты қабылдау 2007 жылы 25 қыркүектен басталды. Алғашқы есеп бойынша, тапсырыстардың жалпы саны - 300 жетті. Тапсырыстар алдын-ала берілген номинациялар бойынша түсті. Қатысушыларды әсіресе қызықтырған – Ең үздік балалар шығармашылық тобы, Ең үздік балалар сайты, Ең үздік орта мектеп, Ең үздік балалар басылымы және Ең үздік мектепке дейінгі мекемесі номинациялары болды. Естеріңізге сала кетейік, байқауға барлығы 19 номинация бойынша тапсырыстар қабылданды.

Әлдекімге белгісіз танылған салт бойынша, тапсырыстар легінің негізгі материалдары, Ұйымдастырушыларға жұмыс күнінің соңғы үш сағат көлемінде келіп түсті. Сондықтан, келіп түскен тапсырыстарды қорытындылау үшін, қосымша уақыт керек болды. Кейбіреу қатысушылар, байқауға тек тапсырыс жіберді, олар әрине, байқауға қатысуға жіберілмейді. Қатысушылардың қалған тапсырыстары және біраз материалдары ендігі аптада сайтымызда орналастырылады, жаңа тапсырыстар қабылдау мерзімі аяқталды.

Білім және ғылым министрлігінің бала құқын қорғау комитетінің төрағасы – Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы бастаған жоғары әділ қазылар алқасы қалған екі аптада, бірігіп, келіп түскен тапсырыстар мен материалдарға баға беріп, номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Бұған қатарлас, балалардың да әділ қазылар алқасы қатысушыларға өздерінің бағасын береді. Дауыс берудің соңғы нәтижелері, 2007 жылы 14 желтоқсанда Астана қаласында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында, марапаттау рәсімінде жарияланады.

25 қарашанан 5 желтоқсанға дейін "Балалык шак досы - Друг детства" сайтында қатысушылардың жобаларына, ашық, интернет дауыс беруге болады. Әрбір Интернет қолданушы кез-келген жобаға, өзінің email – ын қалдырып, дауыс бере алады. Дауыс санына байланысты, жеңімпаз анықталады, оған байқаудың техникалық демеушілері - «М-Дизайн» компаниясы (Шымкент) «Көрермен таңдауының жүлдесі » номинациясында арнайы жүлдесі («Canon LPB 2900» лазерлік принтер) табыс етіледі. Одан басқа, әділ қазылардың дауыстары жоба таңдауда, дауыстары теңелген жағдайда, өзінің номинациясында көп дауыс жинаған қатысушы, қосымша ұпай жинайды. Бос қалмай, өзіңіздің жобаңызға демеу беруге достарыңызды шақырыңыз!

Негiзi: Сайт администрациясы, 15.11.2007


  Авторизация  Отправить письмо
Бізді қолдағандар
НК Казинформ
Веб-студия М-Дизайн


  Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электрондық мекен-жай: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Ұлттық байқауы "Балалық шақ досы"
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы