Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан


Қазақстанда 2008 жылы шығармашыл мұғалімдердің интернет сайты ашылмақ


Қазақстанда 2008 жылы шығармашыл мұғалімдердің интернет сайты ашылмақ. Бұл туралы бүгін Алматыда ашылған жаңашыл мұғалімдердің Майкрософт мектебінде айтылды.

«Білім саласындағы ынтымақтастық» бағдарламасының менеджері Халида Қырықбаеваның айтуынша, шығармашыл мұғалімдердің интернет сайты Ресейде 2005 жылы ашылған болатын. Қазір оны пайдаланушылар арасында қазақстандықтар да бар. Сол себепті бүгінгі таңда республикада да шығармашыл мұғалімдер желісі порталын ашу үшін дайындық жүріп жатыр. Ол жұмыс келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Білім саласындағы ынтымақтастық» жөнінде Майкрософт корпорациясы 2003 жылы бүкіләлемдік бастама көтерген болатын. Мұғалімдердің ақтараттық технологияларға қатысты біліктілігін арттыруға көмектесуге бағыталған бұл жобаға қазір әлемнің 101 мемлекеті қосылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Майкрософт-Қазақстан компаниясы арасында «Білім жүйесіндегі заманауи ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы әріптестік туралы келісім» 2004 жылдың желтоқсанында жасалған болатын. Соның аясында соңғы 3 жылдың ішінде Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының курсын 3 мың 844 мұғалім оқып шықты. Сондай-ақ 30 мың 360 оқушы Майкрософт жасаған оқу құралдары бойынша білім алды.

Негiзi: ҚазАқпарат, Ерлік Ержанұлы, 05.11.2007


  Авторизация  Отправить письмо
Бізді қолдағандар
НК Казинформ
Веб-студия М-Дизайн


  Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электрондық мекен-жай: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Ұлттық байқауы "Балалық шақ досы"
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы