Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан


Қатысу ережелерi

Конкурсқа балалармен жұмыс істейтін және қызметі балаларға арналған барлық мемлекеттік, коммерциялық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың ұсынуы мен кепілдемесі арқылы, сондай-ақ өз өтініштері арқылы жеке тұлғалар қатыса алады.

Талапкерлердің өтініштері еркін түрде жазылады: мәтіннің шрифт түрі Times New Roman, 14 pt, жол арасы бір бірлік. Сонымен бірге, басылымдардағы мақалалар көшірмесі, аудиокассеттер, CD, miniDV, DVD, VHS форматындағы видеокассета, 15х20 см. өлшемінен кем емес фотосуреттері поштамен немесе электронды тасымалдағышта төмендегі мекен-жайда қабылданады:

010000, Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1 үй,
Телефон: 8 (7172) 324967, факс: 8 (7172) 324926
050000, Алматы қ., Фурманов көшесі, 137 үй, 3 кеңсе
Телефон: 8 (727) 272 55 56, факс: 8 (727) 272 55 66
e-mail: orgkomitet@drugdetstva.kz, http://www.drugdetstva.kz

Конкурсқа берілген барлық ақпараттар "Балалық шақ досы" Бірінші Ұлттық конкурсының көрмесіне қойылатындай постерлік стильде (А3-А4 форматта) және электронды тасымалдағышта дайындалуы тиіс. Конкурсқа өтінішті қабылдау 2007 жылдың 15-ші қарашасы күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де тоқтатылады.

Әрбір талапкер фотосуретін, жіберуші ұйымның логотиптерін TIFF, EPS, AI, CDR ((ver. 8, 9, 10 қисықпен) мүмкіншілігі 250-300 DPI кем емес) форматтарда "Балалық шақ досы - Друг детства" Бірінші Ұлттық конкурсы" кітабына орналастыру үшін жібереді. Марапаттау салтанатына қатысу туралы мәлімет әрбір қатысушыға жеке хабарланады. Конкурстың ақтық кезеңіне өткендер 2007 жылдың 13 желтоқсанында Астана қаласына шақырылады.

Конкурсқа қатысты барлық ақпараттар http://www.drugdetstva.kz сайтына орналастырылады.


  Авторизация  Отправить письмо
Бізді қолдағандар
НК Казинформ
Веб-студия М-Дизайн


  Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электрондық мекен-жай: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Ұлттық байқауы "Балалық шақ досы"
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы