Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан


Елімізде алғашқы «Балалық шақ досы» атты республикалық бірінші ұлттық байқау жарияланды


Елімізде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік оқу-сауықтыру орталығының бірлесуімен алғаш рет «Балалық шақ досы» атты республикалық бірінші ұлттық байқау жарияланды.

Шара мақсаты – балалар мәселесіне қоғамның назарын аударып қана қоймай, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеп, еліміздің әр тұрғынын балалар алдындағы борышын адал атқаруға шақыру және балаларға арналған заттарды шығарумен айналысатын отандық өндірушілерді қолдау.

Байқау аясында ең үздік аула, мектепке дейінгі мекеме, орта білім беру ордасы, балалар басылымы, телебағдарлама, балалар кітабы, балалар ойыны, балаларға арналған сайт және ең үздік қызмет көрсететін орын іріктеуден өтетін болады. Онда сондай-ақ, бүлдіршіндер өмірін көркейтуде аянбай еңбек етіп жүрген жеке тұлғалардың да есімдері жарияланбақ. Мәселен, бұл сайыста қазылар алқасы ең үздік мұғалімге, дәрігерге, жазушы, сазгер, саясаткер, меценат пен журналиске арнайы дипломдар мен құрмет белгілерін табыстайтын болады.

Байқау қорытындысы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында, яғни желтоқсанның 14-і күні Астана қаласында «Балалардың Оскар сыйлығы» түрінде өкізілетін болады.

Негiзi: ҚазАқпарат, Дәурен Құдайберген, 29.10.2007


  Авторизация  Отправить письмо
Бізді қолдағандар
НК Казинформ
Веб-студия М-Дизайн


  Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электрондық мекен-жай: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Ұлттық байқауы "Балалық шақ досы"
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы