Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан


Алматыда жаңашыл мұғалімдерге арналған Майкрософт мектебі ашылды


Бұл жобаны бүкіләлемдік «Білім саласындағы ынтымақтастық» бастамасы аясында Майкрософт-Қазақстан компаниясының қолдауымен Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты ұйымдастырды.

Оған Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданатын мектептердің 30-дан астам мұғалімі жиналып отыр. Олар 6 күндік оқу бағдарламасын тыңдап, оны аяқтаған кезде Майкрософт компаниясының арнайы сертификатына ие болады деп жоспарланып отыр.

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылының информатика пәнінің оқытушысы Бақтияр Тілепалдиевтің пайымдауынша, мұндай шаралардың білім берудің жаңа технологияларымен танысып, идеялас достар тауып, өзара тәжірибе алмасуда маңызы өте зор. Ол мұғалімдердің ақпараттық технологиялар саласындағы мүмкіндіктерді зерттеп, түрлі жағдайларда қолдануға, электронды мұрағат жасап, оқу-әдістемелік және дидактикалық қосымшалар жасауына көмектеседі.

«Білім саласындағы ынтымақтастық» бағдарламасының менеджері Халида Қырықбаеваның айтуынша, жоба мақсаты – оқу процесінде педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолданудағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру, олардың арасында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу, интернет қорлар мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқу сапасын жақсарту, сондай-ақ жаңашыл мұғалімдердің ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып, біртұтас оқу кеңістігін құру.

Негiзi: ҚазАқпарат, Ерлік Ержанұлы, 05.11.2007


  Авторизация  Отправить письмо
Бізді қолдағандар
НК Казинформ
Веб-студия М-Дизайн


  Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электрондық мекен-жай: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Ұлттық байқауы "Балалық шақ досы"
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы