Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан


Елордада шетелдерде білім алуға байланысты халықаралық көрме ашылады


Бүгін Астанадағы Radisson SAS қонақ үйінде «Шетелдерде білім алу» атты төртінші халықаралық көрмесі ашылады.

Аталған шараның мақсаты – орта мектеп оқушылары мен университет студенттері, сондай-ақ аспиранттар, жас мамандар және «Болашақ» бағдарламасына қатысуға үміткерлер үшін шетелдік мектептер мен жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесіп, олардың таңдауына дұрыс бағыт беруге мүмкіндік жасау.

Көрмеде әр елден 50-ден астам оқу орындарының өкілдері келеді. Онда шетелдерде білім алуға байланысты маңызды мәселелер бойынша семинарлар өткізілмек. Атап айтсақ, биылғы жылғы шараға Канада, Америка, Ұлыбритания, Ирландия, Австралия, Түркия және Қытай мемлекеттерінен әріптестік негізде алғаш рет бірқатар оқу орындарының өкілдері, сонымен қатар стипендиялық бағдарламаларын ұсынатын халықаралық ұйымдар да қатысады деп күтілуде.

Бұдан кейін осы көрме қарашаның 2-3-і аралығында Алматы қаласында өтетін болады.

Негiзi: ҚазАқпарат, Руслан Ғаббасов, 31.10.2007


  Авторизация  Отправить письмо
Бізді қолдағандар
НК Казинформ
Веб-студия М-Дизайн


  Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электрондық мекен-жай: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Ұлттық байқауы "Балалық шақ досы"
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы