Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Детский конкурс Друг детства, Казахстан Детский конкурс Друг детства, Казахстан


2008 жылы 68 мектеп пен 4 балалар бақшасы пайдалануға беріледі


2008 жылы №011 бiлiм беру және ғылым нысандарын салу және жаңғырту бағдарламасы бойынша – 14 млрд 599 млн 203 мың теңге көзделіп отыр.

Осы көлемдегі қаражатты бөлу «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында қарастырылған. Айта кету керек, бастапқы жобада аталған бағдарламаны қаржыландыруға 22 млрд 099,2 млн теңге көзделген болатын. Мемлекет Басшысының үстіміздегі жылғы қазанның 11-індегі тапсырмасын орындау мақсатында шығыстарды қайта бөлу кезінде бұл мақсатқа бағытталған қаржы 7 млрд 500 млн теңгеге азайтылды.

Дегенмен де келесі жылға аталған бағдарлама бойынша бағытталатын қаржы 2007 жылдың жоспарынан 5 млрд 932,1 млн теңгеге көп. Осы бюджеттік бағдарлама шеңберінде көзделген іс-шараларды іске асыру білім және ғылым ұйымдарын білім және ғылым нысандарын салу мен қайта құру жолымен қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес келтіруді көздейді. Бұл экономиканың барлық саласы үшін біліктілігі жоғары және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау сапасын көтеруге және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар №012 бағдарламасы бойынша 44 млрд 820 млн 225 мың теңге сомасында немесе ағымдағы жылдың жоспарынан 12 млрд 394 млн 598 мың теңгеге көп «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру нысандарын салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері» көзделген. Осы бюджеттік бағдарлама шеңберінде көзделген іс-шараларды іске асыру мектепке дейінгі және орта жалпы білім беру жүйесін жасауға және жаппай қол жеткізуге, қазіргі бар оқу орындарын дамытуға және сақтауға, үш ауысыммен оқытатын жалпы білім беретін мектептердің біржола мәселесін шешуге, жалпы білім беретін мектептерде оқу орындары тапшылығын қысқартуға, апатты жағдайдағы мектептер ғимараттарын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа осы бюджеттік бағдарлама шеңберінде «100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасы бойынша іс-шаралар іске асырылады. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2008 жылы 68 мектеп пен 4 балалар бақшасын салу аяқталады жаңа 16 мектеп пен 4 балалар бақшасын салу басталады, 4 нысанды іске асыру жалғасатын болады.

Негiзi: ҚазАқпарат, Айдын Бәймен, 23.10.2007


  Авторизация  Отправить письмо
Бізді қолдағандар
НК Казинформ
Веб-студия М-Дизайн


  Национальный конкурс Друг детства, Казахстан
Электрондық мекен-жай: orgkomitet@drugdetstva.kz
© 2007 | Ұлттық байқауы "Балалық шақ досы"
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы